» » Төл теңгемізге – 28 жыл

Төл теңгемізге – 28 жыл

Бүгін – ҚР Ұлттық валюта күні. 1993 жылы 15 қарашада Елбасының Жарлығымен Ұлттық валюта – теңге енгізілді. Бұл күн Тәуелсіз ел үшін маңызды оқиға болып, мемлекеттің беріктігі мен егемендігінің символына айналды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қаржы басқармасының басшысы Елена Шаврова атаулы күнге орай қаржы саласының өсім динамикасын тізбектеді.
«1993 жылы Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін облыс бюджеті бар болғаны 135 млн.теңгені құрады. 1995 жылға қарай 5,4 млрд. теңгеге, 2010 жылы - 105,9 млрд. теңгеге жетті. Ал биыл өңір қазынасы 398 млрд. теңгені құрады. Алынатын субсицидиялар мен трансферттердің көлемі соңғы он жылда 211 млрд.теңгеге өсті. Бұл ретте бюджеттің 60 пайызы әлеуметтік-мәдени салаға бағытталады. Биылғы жылы бұл шығыстарға 238,7 млрд.теңге бөлінді. Бұл 2010 жылғы шығыстардан 3,6 есеге артық. Ал объектілер құрылысына бағытталатын қаражат соңғы он жылда 22 млрд.теңгеге өсіп, биыл 49,2 млрд. теңгені құрады. Осы орайда, қаржы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекемізбен құттықтаймын!», - деді басқарма басшысы Елена Шаврова.
15 қараша 2021 ж. 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 830
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 551

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930