» » Ұлттық қорға салық түсімдері жарты жылдың қорытындысы бойынша 10,5%-ға өсті

Ұлттық қорға салық түсімдері жарты жылдың қорытындысы бойынша 10,5%-ға өсті

2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Ұлттық қордың табысы (түсім және инвестициялық кіріс) 1 951,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда үш есе артық. Түсімдердің айтарлықтай ұлғаюы инвестициялық кірістегі айырмамен байланысты. Мәселен, егер өткен жылдың бірінші тоқсанында қор 785,4 млрд теңге мөлшерінде инвестициялық шығынды номиналды түрде төмендесе, ағымдағы жылы қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс 405,6 млрд теңгені құрады.

Фото: Depositphotos.com\valphoto

Инвестициялық кірісті есепке алмағанда, қорға түскен түсімдер көлемі 1 546,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 390,1 млрд.теңгеге артық. Оның ішінде салықтық түсімдер 10,5% - ға, 1 516,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Сонымен қатар, ПҚӨС (-95,1 млрд теңге) қоспағанда, салық төлемдерінің барлық түрлері бойынша түсімдер өсуде. Ағымдағы қарқын сақталған жағдайда, салық бойынша Ұлттық қорға жиынтық түсімдер 2019 жылы 3 092,7 млрд теңгені құрауы мүмкін, бұл 2018 жылғы нақты түсімдерден 4,3% - ға төмен. Айта кету керек, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 2019 жылдың алты айының қорытындысы бойынша экспортталған мұнай көлемі 0,6% - ға, 30,5 млн тоннаға дейін артты. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың маусым айында мұнай экспортының көлемі5,7 млн. тоннаны құрады, өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 5,0 млн. тонна.
16 шілде 2019 ж. 1 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031