» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БАХЫТ ЖАХАНОВ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БАХЫТ ЖАХАНОВ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ


Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлы Жаханов Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен болып, Жосалы және Төретам кенттеріндегі теміржол вокзалдарында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Алдымен жұмыс сапары Төретам кентіндегі теміржол вокзалынан басталды. Нысанда атқарылып жатқан құрылыс кезеңдері талқыланып, жұмыс қарқынын күшейту, құрылыс сапасы және белгіленген мерзімде аяқтау мәселелері бойынша мердігер мекеме өкілдеріне тиісті тапсырмалар жүктелді.

Одан кейін Жосалы кентіндегі теміржол вокзалынының күрделі жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарының барысын көрді. 1904 жылы салынған тарихи ғимаратты жаңғырту жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізілуде. Жүзеге асырылып жатқан жоба жолаушыларға қолайлы әрі заманауи жағдай жасауға бағытталған. Нысанды аралау барысында құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуына ерекше назар аударылып, мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Жұмыс сапары барысында Бахыт Дүйсенұлы барлық құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауда ұстап, жұмыстарды талапқа сай аяқтауды қажет екендігін қаперге салды.

20 шілде 2026 ж. 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 284

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031