» » ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ

ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов арнайы жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына келді.

Алдымен Жосалы кентіндегі теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінде ғасырға жуық тарихы бар вокзал жұмысы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жолаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы маңызды бастама. Сондықтан бұл жобаның орындалуы мен сапасы бойынша мердігер мекемелерге бірқатар тапсырмаларын берді.

Одан кейін жұмыс сапары Төретам кентіндегі теміржол вокзалының күрделі жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарының барысын қараумен жалғасты. Мұнда да құрылыс кезеңдері қаралып, мердігерлерге жұмыс қарқынын арттырып, сапа талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

Сапар соңында Бақыт Жаханов Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс алаңында болды. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында салынып жатқан тұрғын үй желтоқсан айының аяғында аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл бағытта тұрғындарға пайдалануға беру мерзімі бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің орынбасары барлық нысандарда жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтаудың маңыздылығын атап өтіп, құрылыс қарқынын арттыруға қатысты тиісті ұсыныстарын берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

12 желтоқсан 2025 ж. 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930