» » ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕГІ ВОКЗАЛ МЕН ОЙЫН АЛАҢЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ НАЗАРДА

ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕГІ ВОКЗАЛ МЕН ОЙЫН АЛАҢЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ НАЗАРДА


Аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов Төретам кентіндегі теміржол вокзалының күрделі жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарының барысын қадағалап, балалар ойын алаңының жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына бақылау жасады.

Төретам кентіндегі теміржол вокзалында қазіргі таңда эскиздік жобаға сәйкес сыртқы фасадты әрлеу жұмыстары, оның ішінде жылу сақтағыш материалмен қаптау жүргізілуде. Сонымен қатар, ғимараттың демонтаж жұмыстары аяқталды.

Балалар ойын және футбол алаңында нысанды орналастыруға бағытталған құрылыс-монтаж жұмыстары биыл тамыз айында басталды. Жоба-сметалық құжаттамаға сәйкес, жалпы көлемі 1200 шаршы метр жер механикалық әдіспен тегістеліп, құм және қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Металл қоршаулары да орнатылып отыр. Нысанға қажетті жаттығу және ойын құрылғылары алаңға жеткізіліп, оларды орналастыру жұмыстары жасалынуда.

Сапар соңында Шыңғыс Әбділәмитұлы мердігер мекемелерге құрылыс қарқынын арттыруды және сапа талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

25 қыркүйек 2025 ж. 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930