» » ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА


Аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Әбділәмитұлы Жосалы кентіндегі теміржол вокзалының күрделі жөндеу және аумақты абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады.

“Р и А Сервис ЛТД” ЖШС бас мердігер болып табылған құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың 14 шілдесінде басталса, нысан толықтай желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

1904 жылы салынған ғимараттың жалпы көлемі – 624,6 шаршы метр, жолаушы қабылдау мүмкіндігі 200 адамға есептелген.

Қазіргі таңда құрылыс алаңы қоршалып, бекітілген эскиздік жоба негізінде сыртқы қасбетін әрлеу, оның ішінде жылу сақтағыш материалдармен қаптау, травертин тасын орнату, сондай-ақ шатыр құрылымын жаңарту жұмыстары атқарылуда.

Шыңғыс Әбділәмитұлы нысан басында мердігер мекеме өкілдері мен сала басшыларына құрылыс сапасы мен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестікті қамтамасыз етіп, белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ тиісті сала басшысымен теміржол вокзалының маңын абаттандыру мақсатында темір бетон және теміржол электр торабына қарасты бағаналарды көшіру жөнінде келіссөздер жүргізді.

Аталған құрылыс – аудан халқы үшін маңызды әлеуметтік нысан ретінде, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау сапасын арттыруға бағытталған.

21 қыркүйек 2025 ж. 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930