» » АУДАН ӘКІМІ ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.

Алдымен аудан басшысы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан теміржол вокзалы ғимаратына барып, құрылыс жұмыстарының сапасын көрді. Қазіргі таңда 1904 жылы салынған тарихи ғимаратты жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба аясында ішкі және сыртқы әрлеу, инженерлік жүйелерді жаңарту, аумағын абаттандыру және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар атқарылуда.

Бүгінде нысандағы күрделі жөндеу жұмыстарының басым бөлігі орындалған. Осы бағытта аудан әкімі жауапты мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі талапқа сай аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар Жосалы кентіндегі Дендропарк аумағының санитарлық тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстарының барысы бақыланды. Мұнда Жандос Еркінбек тазалық жұмыстарының сапалы орындалуына және берілген тапсырмалардың кемшіліксіз атқарылуына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

20 мамыр 2026 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30