Құрылтай
» » АУДАН ӘКІМІ ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты.

Сапар барысында аудан басшысы алдымен «Мәңгілік алау» алаңында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын көріп, тиісті сала басшыларына жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Одан әрі аудандық спорт клубының материалдық-техникалық базасымен танысып, спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы жауапты сала мамандарымен пікір алмасты.

Сонымен қатар, Сырдария өзенінің жағалауындағы жағажай аумағын аралап, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» апталығы шеңберіндегі санитарлық-тазалық жұмыстарының барысын бағамдады.

Аудан әкімі тұрғындардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны таза ұстау мәселесіне ерекше назар аударып, аталған бағыттағы шараларды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

26 сәуір 2025 ж. 750 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 700
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31