» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын бағамдады.

Алдымен Ақай ауылдық округінде бой көтерген денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңына барып, нысанның сапасын және пайдалануға беру алдындағы дайындық жұмыстарын тексерді. Тиісті сала басшылары мен ауыл әкіміне құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауды және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Одан кейін аудан басшысы Жосалы кентінде болып, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін жақсарту, көктемгі абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарын жандандыру және Наурыз мерекесіне дайындықты күшейту қажеттігін ескертті. Осы бағытта мекеме басшылары мен кәсіп иелеріне нақты тапсырмалар беріп, сала басшылары мен кент әкіміне тиісті міндеттер жүктеді.

20 наурыз 2025 ж. 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 787
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 067

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930