» » Қармақшы ауданы әкімі бірқатар нысандарды аралады

Қармақшы ауданы әкімі бірқатар нысандарды аралады

Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы бірқатар маңызды нысандарды аралап, олардың жұмыс барысымен танысты.

Алдымен, аудан басшысы «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінің қызметімен танысып, кешен аумағындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды бағалады. Аудан басшысы кешендегі санитарлық тазалықты сақтау, туристік қызметтерді жетілдіру және олардың сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Одан кейін Жосалы кентінің кіреберісінде орналасқан паспорт жағдайын тексеріп, кент әкімінің міндетін атқарушыға санитарлық тазалық жұмыстарын күшейту қажеттігін ескертті.

Тиісті сала басшыларына кәсіпкерлік нысандардың сыртқы қасбетін әктеп-сырлау және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша қосымша міндеттер жүктелді.

Халықтың сұранысын ескере отырып, аудан басшысы Бауыржан Момышұлы көшесінің жағдайын тексерді. Жосалы кентінің әкімдігіне аталған көшенің жөндеу жұмыстарын жеделдетіп, жаңадан жоба-сметалық құжаттама әзірлеп, оны мемлекеттік сараптамадан өткізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

05 желтоқсан 2024 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30