» » АУДАН ӘКІМІ ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Жосалы кентіндегі бірқатар маңызды нысандарды аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты.

Алдымен аудан басшысы «ОДСП» Арал өндірістік бөлімшесінде болып, мекеменің қызметі мен жұмыс барысын бақылады. Су ресурстарын тиімді пайдалану және сумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету – аса маңызды мәселе. Осы орайда, аудан әкімі бөлімшенің жұмысына назар аударып, өндірістік процестерді жетілдіру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, бөлімшеге қарасты №4-А насос станциясының қызметімен танысып, нысанның техникалық жай-күйін қарап шықты.

Одан кейін аудан әкімі орталық стадионның жағдайын көріп, оның инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, бос тұрған аудандық тарихи-өлкетану мұражайының ғимаратына барып, оның қазіргі жай-күйін көріп шықты. Ғимаратты тиімді пайдалану мәселесін сала мамандарымен жан-жақты талқылады.

Сапар барысында Жандос Еркінбек «Қармақшы Сушар» өндірістік учаскесінің жұмысымен де танысты. Су шаруашылығы саласы – ауыл шаруашылығы мен экологиялық тұрақтылықтың басты факторы. Осы ретте, аудан әкімі мекеме жұмысының тиімділігін арттыру, сумен қамту жүйесін жетілдіру қажеттігін айтып, сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі аталған нысандардың бірқатар бағыттары бойынша жұмыстарды күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

18 ақпан 2025 ж. 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031