» » ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ МЕН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ КЕШЕНІНДЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ МЕН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ КЕШЕНІНДЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар әлеуметтік маңыздағы нысандарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Алдымен аудан басшысы Жосалы кентіндегі теміржол вокзалы ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді.
Аталған жоба бойынша бас мердігер – “РиА Сервис ЛТД” ЖШС. Қазіргі таңда, құрылыс алаңы қоршалып, эскиздік жоба негізінде сыртқы қасбетті әрлеу, оның ішінде жылу сақтайтын материалдармен және травертинмен қаптау жұмыстарының 80 пайызы орындалған. Сондай-ақ шатырды толық ашу және демонтаж жұмыстары жүргізілді. Ішкі бөлмелерде де жұмыс қатар жүріп жатыр. Гипсокартон мен кафель төсемелерін алу жұмыстары қолға алынған. Бүгінгі күні құрылыс алаңында 9 жұмысшы қызмет атқаруда.

Келесі нысан – Дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Мұнда қазіргі таңда сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сыртқы жұмыстары бойынша бетон жолақ құйылып, тас төсегіш (брусчатка) жұмыстары толық аяқталды. Кешенді толық қоршап, қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда ішкі есіктер орнатылып жатыр. Бұдан бөлек электр желілерін тарту жұмыстарының басым бөлігі аяқталып, үлкен спорт залына қатысты желі тарту жалғасуда.

Айта кету керек, бұл аталған спорт кешенінде жыл сайын облыстық және республикалық деңгейде жастар арасында дзюдо, самбо, бокс секілді спорт түрлерінен жарыстар дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

30 қыркүйек 2025 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 124
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031