» » АУДАНДАҒЫ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

АУДАНДАҒЫ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА


Аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен бірқатар нысандарды аралап, онда жүргізіліп жатқан құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.

Алдымен аудан басшысы Н.Нақыпов көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстарының жай-күйін көрді. Аталған көшенің жалпы ұзындығы 1,9 шақырымды құрайды. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, жолға қажетті қиыршық тас толық төселіп, тегістеу жұмыстары аяқталып отыр. Бүгінде жол жабынына асфальттау жұмысы өз кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Сапар барысында аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс-жөндеу алаңы да тексерілді. Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, спорт залдары мен қосымша бөлмелерді жабдықтау бойынша жұмыстар жоспарға сай атқарылуда. Жандос Еркінбек мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарының сапасына назар аударуды тапсырды.

Аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына нысандардағы атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындар үшін маңызды жобалардың уақытылы әрі сапалы аяқталуын тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

09 желтоқсан 2025 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30