» » АУДАН ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентінде жүргізіліп жатқан бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Сапар аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінен басталды. Қазіргі уақытта мұнда сыртқы абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталып, бетон жолақ құйылып, тас төселген. Ішкі әрлеу бағытында – ішкі есіктер орнатылып, электр желілерін тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Дзюдо залының еденіне спорттық линолеум төсеу жоспарлануда. Алдағы уақытта 320 орындық көрермен орны жаңартылып, толық жаңадан ауыстырылатын болады.

Одан кейін аудан басшысы Келменбет батыр көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты. Қазіргі таңда бұл аумақта қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта асфальт жабындысын төсеу жоспарланып отыр. Алайда, жұмыс қарқынының баяулығы мен құрылыс мерзімінің кешіктірілуіне байланысты, аудан әкімі мердігер мекемеге қатаң ескерту жасады. Ол жол сапасына жіті назар аударуды тапсыра отырып, аталған нысанды ағымдағы айдың соңына дейін толық аяқтауды талап етті.

Сонымен қатар Тәуелсіздік ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің құрылыс барысы тексерілді. Мұнда екі мердігер мекеме – «Аман-Құрылыс» ЖШС және «Интегрострой» ЖШС жалпы саны 25 жеке тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде. Барлық үйлердің кірпіш қалау, шатыр жабу, электр желілерін тарту жұмыстары негізінен аяқталған. Еденді тегістеу және санитарлық тораптарға кафель төсеу жұмыстары үйлердің дайындық деңгейіне қарай кезең-кезеңімен орындалуда. Тұрғын үйлерді талапқа сай жылыту, жарықпен қамту және ішкі әрлеу жұмыстары да қатар жүруде.

Аралау барысында Жандос Еркінбек әрбір нысан бойынша нақты тапсырмалар беріп, белгіленген мерзімде ел игілігіне тапсыру қажеттігін қатаң ескертті.
“Басты мақсат – сапалы әрі қауіпсіз баспанамен халықты қамтамасыз ету. Бұл – ел алдындағы жауапкершілік”, – деді аудан басшысы.

09 қазан 2025 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 384

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031