» » АУДАН ӘКІМІ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Жосалы кентіндегі бірқатар білім беру мекемелерін аралады.

Алдымен аудан әкімі №1 «Аққайың» санаториялық бөбекжай-бақшасындағы атқарылып жатқан жөндеу жұмыстары назарға алып, мекеменің материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытындағы жұмыстардың барысын пысықтады.

Сонымен қатар, №121 және №27 орта мектептерінің ауласында қазіргі таңда балаларға арналған ойын алаңын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі аталған алаңның қауіпсіздігіне мән беріп, сапалы құрылыс материалдарын қолдануды және жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сапар соңында Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей ауласындағы тас төсеуіштер төсеу жұмыстарының жүргізілу барысын қадағалап, жасалынып жатқан жұмыс сапасына байланысты тапсырмалар берді.

Аудан басшысы барлық нысандарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылуы тиіс екенін айтып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

15 шілде 2025 ж. 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 036
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031