Құрылтай
» » ҚАЛАДАҒЫ ГАЗЕТ ЖАНАШЫРЛАРЫ

ҚАЛАДАҒЫ ГАЗЕТ ЖАНАШЫРЛАРЫ

Сексеннің сеңгіріне шықса да ауданымыздың Құрметті азаматы, құрылыс саласының үздігі Жақсыбай Жәкеев ағамыз қоғамдық жұмыстардың ортасынан шет қалған емес. Ауданда жауапты қызметтер атқарған азамат зейнетке шыққан соң да кенттің ардагерлер кеңесін басқарып, өзара татуластыру-медиатор жұмыстарына араласты. Талай істің ұйытқысы, бастамашысы болды. Кейінгі жылдары ағамыз Қызылорда қаласына қоныс аударып, ол жақта да ел ағасы ретінде игі істердің басы-қасынан табылып жүр.
Ақсақал қоғамдық белсенділікпен қатар, ұлт руханияты, қазақ баспасөзінің де жанашыр, қолдаушысы. Сонау қызмет бастаған кезінен қазірге дейін елу мың халықтың жаңалық жаршысы болған аудандық "Қармақшы таңы" газетінің тұрақты оқырманы болып келеді. Қалаға көшсе де, аудан айнасын отбасына үзбей жаздырып, ауыл жаңалықтарынан хабардар болып отырады.
Жақсыбай Малбағарұлы тек қана отбасына емес, сонымен қатар Қызылорда қаласында тұратын қармақшылықтарды да газетке жаздыруға ұйытқы болып жүрген жан.
– Газет – қоғамның үнжариясы. Айналамызда болып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістер, атқарылатын іргелі жұмыстар, енді істелетін шаруалар, қайсысы болсын шынайы ақпарат көзі – газет арқылы оқыпбіліп отырамыз. Оның ішінде аудан газетінде барлық саланың жұмысы, іс-шаралар қамтылады. Қалаға көшкенімізбен, ойымыз, жанымыз әлі ауылда. Жақсы жаңалығы болса, барып қатысуға, елмен әңгімелесіп қалуға тырысамыз. Мұнда жерлестерімізбен араласып, жағдайымызды білісіп, көңіл сұрасып тұрамыз. Облыстық, қалалық ардагерлер кеңесімен де тығыз қарым-қатынастамыз. Өмірлік жинаған тәжірибемізді игі істерге жаратып, хал-қадірімізше қоғамдық жұмыстарға үлесімізді қосудамыз. Жастармен, кейінгі толқынмен кездесу, басқосулар болып жатса, ақылымызды айтып, кеңесімізді береміз.
Өз басым "Қармақшы таңының" санын жібермей оқимын. Әр алты ай сайын Қызылордаға, тұрғылықты мекен-жайыма жаздырып отырамын. Осы орайда, аудандық басылымдардың облыс деңгейінде таратылуына жағдай жасаған "Сыр медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығына алғысымды айтамын.
Қартайдық демей, қолдан келгенше елге қызмет ете берсек деймін. Осы жылдың екінші жартыжылдығына он шақты қармақшылық ардагерді аудан айнасына жазылуға үгіттеп, бүгінде газеттерін алып отыр. Біз, үлкен кісілер – мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, ұрпағымыздың тәрбиелі де білімді болғанын қалаймыз. Ол үшін әрине, көп ізденіс, білім керек. Көп оқитын мемлекеттер алдыңғы қатардан табылуда. Мен де Сырдың қасиеті саналған Қармақшы топырағының әрбір азаматының білімді, білікті болғанын қалар едім. Сөз соңында айтарым, "Қармақшы таңы" газетінің оқырманы да, оқылымды мақалалары да көп болсын деп тілеймін. Себебі, өзімізге өзіміз жанашырлық етпесек, сырттан келіп біреу жасап бермейді, – дейді байырғы оқырманымыз Жақсыбай аға.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
19 шілде 2026 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 496
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 985

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031