» » Ел ағасы – 75 жаста

Ел ағасы – 75 жаста

Өткен аптада аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы Қазақстан Республикасының «Құрметті құрылысшысы», ауданның «Құрметті азаматы» Жақсыбай Жәкеевті арнайы қабылдап, 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Жиында аудан басшысы мемлекет дамуы жолында табанды еңбек еткен Жақсыбай Малбағарұлының Сыр елінің өркендеу ісінде айрықша қолтаңбасы бар екенін атап өтті.
– Сізді жетпіс бестің белесіне шық­қан мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Еліңізге тындырымды ісіңізбен, парасаттылығыңызбен, жайсаң мінезіңізбен, тұлға болып таныла білдіңіз. Сіз еңбек еткен жылдары аудан үздіктер қатарынан көрініп, экономикалық көрсеткіштер бойынша көш бастады. Ізгілікке толы жарқын ғұмырыңыз кейінгі жастарға өнеге болады деп сенемін. Деніңізге саулық, отбасыңызға береке тілеймін, – деді Қайрат Ырзақұлұлы.
Ел ағасы болған Ж.Жәкеев ұзақ жыл бойы сәулет, коммуналдық шаруашылық, құрылыс саласы және Иіркөл ауылы мен Жосалы кентінде қалтқысыз адал еңбек еткен. Сонымен қатар Жосалы ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
Іс-шара барысында аудан әкімі мерейтой иесіне құттықтау хат тапсырып, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Мұнан соң аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ

09 қараша 2021 ж. 1 099 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 485
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930