» » «КҮМБІРЛЕ, КҮМІС ДОМБЫРА»

«КҮМБІРЛЕ, КҮМІС ДОМБЫРА»


Аудан әкімінің тапсырмасымен ауданымыздың орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне орай «Күмбірле, күміс домбыра» атты мерекелік кеш өткізілді.

Халқымыздың қасиетті қазынасы саналатын домбыраны ұлықтап, ұлттық өнер мен дәстүрді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, тұрғындарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

-Тарихы терең Қармақшы топырағы – талай жыраулар мен шайырлардың, өнер мен сөз майталмандарының алтын бесігі. «Жүз жырауын жүзіктеген, жүз шайырдың мекені» атанған өлкемізден Қорқыт ата сынды ұлы ойшылдың ізі қалған. Бұл өңірден шыққан жыршылармен күйшілердің мұрасы – ұлттық өнеріміздің алтын арқауы.
Осынау мерейлі мереке күні баршаңызға шығармашылық шабыт тілеймін. Домбыра күні құтты болсын,- деді Диас Асылбекұлы.

Мерекелік бағдарламада Қармақшы өңірінің жыршылық мектебін жалғастырып жүрген жыраулар үйінің өнерпаздары жырдан шашу шашып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Сонымен қатар жас жыршылар да жыр-термелер орындап,көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

05 шілде 2026 ж. 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30