Конституция
» » АУЫЛДАРДЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ - ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

АУЫЛДАРДЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ - ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек кезекті кездесуін Жаңажол және Иіркөл ауылдық округтерінде өткізіп, аудан және елді мекендерді дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды айтып өтті.

Жаңажол ауылдық округінде биыл тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруі мақсатында 2,5 млн теңгеге 4 бейнебақылау камерасы орнатылып, қоғамдық қауіпсіздік күшейтілді. Сонымен қатар ауылдағы 9 көшенің 90 пайызы түнгі жарықпен қамтамасыз етілді. Былтыр аймақ басшысының қолдауымен көгілдір отынмен қамтылған бұл аграрлы елді мекен бүгінде толықтай сапалы ауыз сумен қамтылып отыр.

Иіркөл ауылдық округінде де бірқатар маңызды жұмыстар жүзеге асырылды. Қорқыт ата, Рақымжан Доспанов және Есенбек Құрманбаев көшелеріне жалпы құны 2,5 млн теңгеге 4 дана бейнебақылау камерасы орнатылды. Сондай-ақ ауылға аяқ су жеткізетін «Балажарма» каналы «Арна» КММ арқылы тазартылып, бұл жұмысқа 7 млн теңге бөлінді.

Қос ауылда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы көркейту, санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Кәсіпкерлік бағыты бойынша да өсім байқалып, жаңа жобалар қолға алынуда.

Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелерге заң жүзінде жауап беріп, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар жөнінде пікір алмасты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 маусым 2026 ж. 61 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 381
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 905

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930