» » ЖҮЙЕЛІ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН

ЖҮЙЕЛІ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН


Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес аудан әкімінің халықпен кездесулері жалғасуда. Осыған орай аудан әкімі Жандос Еркінбек ІІІ Интернационал және Төребай би ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстары және алдағы жоспарларын атап өтті.

ІІІ Интернационал ауылдық округінде салық түсімдері 104 пайызды құрап, жоспардан асыра орындалды. Ауыл толықтай орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Аудан әкімі биыл жалпы құны 1,7 млрд теңгені құрайтын төрт ауылдық округтің электр желілерін жаңғырту жоспарланып отырғанын, ауқымды жоба қатарында ІІІ Интернационал ауылдық округі де бар екенін жеткізді. Қазір Пак Чен Ир және Астана тұйығы көшелеріне 53,9 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары алдағы уақытта басталады.

Төребай би ауылында да тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде іске асырылуда. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2,9 млн теңгеге 4 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сонымен қатар «Заң және тәртіп» қағидасын іске асыру аясында абаттандыру жұмыстарын бақылауға арналған арнайы планшет сатып алынды. Ауыл тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Келте арық» каналы мен ауылішілік арықтарға тазарту жұмыстары жүргізіліп, аяқ су уақытылы жеткізілуде. Бұдан бөлек елді мекенді абаттандыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Аудан басшысы тұрғындардың жақында көгілдір отын игілігін көретінін де айтып өтті.

Кездесу барысында тұрғындар бірнеше мәселелерді көтеріп, аудан әкімі әрбір сауалға жауап беріп, ұсыныстар бойынша жауапты сала басшыларына тапсырмаларын жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

26 маусым 2026 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (10516)

26 маусым 2026 ж.

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 372
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 891

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930