» » Елді мекендердегі халықпен кездесулер жалғасуда

Елді мекендердегі халықпен кездесулер жалғасуда


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің елді мекен тұрғындарымен кездесуі ІІІ Интернационал, Жаңажол ауылдық округтерінде жалғасты. Кездесулерде аудан басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Биыл ІІІ Интернационал ауылының электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім өткізілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2025-2026 жылдар аралығында жаңа заманауи мектеп ғимаратының құрылысы басталады деп жоспарлануда.

Жаңажол ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілді. Ауылды газдандыру мақсатында ауылішілік газ желісінің құрылысына облыстық бюджеттен 1 млрд. қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Сонымен қатар, демеушілік қаражат есебінен ауылдың электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленді. Алдағы уақытта, кезең кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, қос елді мекенде де «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында дене-шынықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес нарықты ішкі өнімдермен толықтыру мақсатында ІІІ Интернационал ауылдық округінде 49 гектар, Жаңажол ауылдық округінде 34 гектар қосымша бақшалық жерлер дайындалып, 233 отбасыға бөлініп берілді. Нәтижесінде 24 гектар картоп, 14 гектар көкөніс, 45 гектар бақша дақылдары егілді. Одан бөлек ІІІ Интернационал ауылында 3051 гектар, Жаңажол ауылдық округінде 3100 гектар жерге күріш дақылы орналастырылды.

Кездесулер соңында ауыл тұрғындары көкейде жүрген сауалдарын жеткізіп, аудан әкімі өз кезегінде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын айтты.

20 желтоқсан 2024 ж. 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930