» » Елді мекендердегі халықпен кездесулер жалғасуда

Елді мекендердегі халықпен кездесулер жалғасуда


Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбектің елді мекен тұрғындарымен кездесуі ІІІ Интернационал, Жаңажол ауылдық округтерінде жалғасты.

Еркін форматта өткен кездесуде аудан басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Биыл ІІІ Интернационал ауылының электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім өткізілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2024-2025 жылдар аралығында жаңа заманауи мектеп ғимаратының құрылысы басталады.

Жаңажол ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілді. Ауылды газдандыру мақсатында ауылішілік газ желісінің құрылысына қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ауылға газ жеткізілген жағдайда сол аймақтағы басқа да елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасатын болады. Сонымен қатар, демеушілік қаражат есебінен ауылдың электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленді. Алдағы уақытта, кезең кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, қос елді мекенде де «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында дене-шынықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес нарықты ішкі өнімдермен толықтыру мақсатында ІІІ Интернационал ауылдық округінде 49 гектар, Жаңажол ауылдық округінде 34 гектар қосымша бақшалық жерлер дайындалып, 233 отбасыға бөлініп берілді. Нәтижесінде 24 гектар картоп, 14 гектар көкөніс, 45 гектар бақша дақылдары егілді. Одан бөлек ІІІ Интернационал ауылында 3051 гектар, Жаңажол ауылдық округінде 3100 гектар жерге күріш дақылы орналастырылды.

Кездесулер соңында ауыл тұрғындары көкейде жүрген сауалдарын жеткізіп, аудан әкімі өз кезегінде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын айтты.

13 маусым 2024 ж. 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930