» » Халықпен кездесу Қармақшы ауылында жалғасты

Халықпен кездесу Қармақшы ауылында жалғасты

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің жарлығына сәйкес халықпен кездесулері Қармақшы ауылында жалғасты.

Ауыл тұрғындарымен болған жүздесуде аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен Қармақшы ауылында ағымдағы жылы іске асырылатын жобалар жайлы баяндады.

Биыл Қармақшы ауылында №13 «Балбөбек» бөбекжайы қазандық ғимаратының құрылысы, су құбыры ғимараттарын қайта жаңғырту, Қызылтам елді мекеніне паспорт орнату, Сарыжылуан көшесінен №9-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстары жүргізілмек.

Сондай-ақ, аудандық бюджеттен ауылдағы электр желілерін жаңғырту, қосалқы станциясын кеңейту жобасына және 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын дайындауға, ведомстволық сараптамадан өткізуге тиісті қаржылар бөлініп отыр.

Сонымен қатар, аудан әкімі кездесуден кейін ауылдағы тарихи нысандардың бірі Желдиірмен ескерткішінің жай-күйімен танысты. Биыл тарихи ескерткіштің архитектуралық ерекшелігін сақтай отырып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

06 маусым 2023 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 232
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031