» » Қармақшы ауданы әкімінің халықпен кездесуі Қармақшы ауылында жалғасты

Қармақшы ауданы әкімінің халықпен кездесуі Қармақшы ауылында жалғасты


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің елді мекен тұрғындарымен кездесуі Қармақшы ауылдық округінде жалғасты. Кездесу барысында аудан басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Биылғы жылы Қармақшы ауылында жалпы құны 208,2 млн теңге болатын фельдшерлік-акушерлік бекеттің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, осы нысандардың сыртқы инженерлік құрылымдарын жөндеуге де қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Фельдшерлік-акушерлік бекет іске қосылғаннан кейін ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіліп, денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігі едәуір артпақ.

Жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында биылғы жылы Қармақшы ауылдық округіндегі «Қожантай» су тоспасы қалпына келтірілді. Нәтижесінде Жосалы кенті және Қармақшы ауылдық округінің 3 мың гектарға тарта жайылымдық-шабындық жерлер суландырылатын болады.

Облыстық «Үлгілі елді мекен» байқауының қорытындысы бойынша Қармақшы ауылына абаттандыру жобаларына 15 млн теңгенің сертификаты табысталды. 2025 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен Қармақшы ауылындағы орталық алаңға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдың төлқұжаттарын жаңартуға қаржы қаралып, паспорт орнатылды. «Жеңіс» бағын қоршау жұмыстары толығымен аяқталды. Ауылдың электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім өткізілді.

Кездесулер барысында ауыл тұрғындары көкейде жүрген сауалдарын жеткізіп, аудан әкімі өз кезегінде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын айтты.

Аудан басшысы жұмыс сапары барысында Қармақшы ауылында салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік бекет құрылысының барысымен танысты. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, мердігерлерге белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, бекеттің сыртқы инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударды.

19 желтоқсан 2024 ж. 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930