» » Қармақшы ауданы әкімі Иіркөл, Төребай би ауылдарының тұрғындарымен кездесті

Қармақшы ауданы әкімі Иіркөл, Төребай би ауылдарының тұрғындарымен кездесті


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Иіркөл және Төребай би елді мекендерінің халқымен кездесті.

Тұрғындармен өткен кездесулерде аудан басшысы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Биыл Иіркөл ауылында тозығы жеткен электр желілерін қайта жаңғырту мақсатында демеушілік есебінен жобалау сметалық құжаттары әзірленуде. Сондай ақ, Иіркөл, Төребай би ауылдарының бір көшелеріне жарықтандыру жұмыстарына 85,6 млн. теңге қаржы қаралып отыр.

Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес нарықты ішкі өнімдермен толықтыру мақсатында Иіркөл ауылында 45 гектар, Төребай би ауылында 43 гектар қосымша бақшалық жерлер дайындалып, 162 отбасыға бөлініп берілді. Нәтижесінде 22 гектар картоп, 12 гектар көкөніс, 54 гектар бақша дақылдары егілді. Одан бөлек Иіркөл ауылдық округінде 323 гектар жерге күріш дақылы орналастырылды.

Жиын соңында аудан әкімі елді мекен тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданатынын және барлық мәселенің жіті қадағалауда болатынын жеткізді.

17 маусым 2024 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 338
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728