» » Қармақшы ауданы әкімі Иіркөл, Төребай би ауылдарының тұрғындарымен кездесті

Қармақшы ауданы әкімі Иіркөл, Төребай би ауылдарының тұрғындарымен кездесті


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Иіркөл және Төребай би елді мекендерінің халқымен кездесті.

Тұрғындармен өткен кездесулерде аудан басшысы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Биыл Иіркөл ауылында тозығы жеткен электр желілеріне жаңғырту, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Иіркөл, Төребай би ауылдарының бір көшелеріне жарықтандыру жұмыстарына 85,6 млн. теңге қаржы қаралып, екі елді мекенде де жұмыстар толық аяқталды.

Иіркөл және Төребай би ауылдарына дейінгі және ауылішілік газ желісінің жобасын әзірлеуге аудандық бюджеттен 39,3 млн. теңге қаржы қаралып, жоба-сметалық құжаттары әзірленді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес нарықты ішкі өнімдермен толықтыру мақсатында Иіркөл ауылында 45 гектар, Төребай би ауылында 43 гектар қосымша бақшалық жерлер дайындалып, 162 отбасыға бөлініп берілді. Нәтижесінде 22 гектар картоп, 12 гектар көкөніс, 54 гектар бақша дақылдары егілді. Одан бөлек Иіркөл ауылдық округінде 323 гектар жерге күріш дақылы орналастырылды.

Жиын соңында аудан әкімі елді мекен тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданатынын және барлық мәселенің жіті қадағалауда болатынын жеткізді.

23 желтоқсан 2024 ж. 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 342
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031