» » АУЫЛ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

АУЫЛ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Жаңажол, Иіркөл және Төребай би ауылдық округтерінде кезекті халықпен кездесуін өткізіп, биыл атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндады.

Жаңажол ауылы ауданның ауыл шаруашылық саласындағы маңызды елді мекендерінің бірі болып табылады. Ауылдық округтің жер қоры 5406 гектарды құрайды. Биыл «Жаңажол» ЖШС 3100 гектарға күріш егіп, 192 882 тонна өнім алды. Осындай көрсеткіш арқылы облыстық «Алтын дән» мерекесінде лайықты бағаланып, шаруашылық бірінші дәрежелі дипломмен марапатталған болатын. Сонымен қатар биыл ең маңызды жұмыстың бірі - Дүр Оңғар ауылында табиғи газ беріліп, ауылдық округ толықтай ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Иіркөл ауылында да инфрақұрылым саласында бірқатар жұмыстар аяқталды. Қазақстан көшесінің жарықтандыруының құны 24,4 млн теңгені құрап, жоба толық орындалды. Ауыз су мәселесі шешілген. Сонымен қатар биыл екі нысан бойынша электрмен қамту жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Иіркөл ауылында 226 млн теңгеге электр беру желілерінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Төребай би ауылында биылғы жылы елді мекеннің 60 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. Бұл мерейлі жыл ауылдың абаттандыруымен ерекшеленіп, ауыл орталығындағы алаңға тас (брусчатка) төсеу және қоршау орнату жұмыстары 22,4 млн теңгеге толық орындалды. П.Байшораұлы көшесіне жарықтандыру жұмыстары да аяқталып, ауыз су мәселесі шешімін тапқан.

Кездесулер барысында аудан әкімі тұрғындармен ашық диалог жүргізіп, көтерілген мәселелер мен ұсыныстарды тыңдап, нақты жауаптарын берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

13 желтоқсан 2025 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930