» » ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ АҚЖАР МЕН АҚТӨБЕ АУЫЛДАРЫНДА ЖАЛҒАСУДА

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ АҚЖАР МЕН АҚТӨБЕ АУЫЛДАРЫНДА ЖАЛҒАСУДА


Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес аудан әкімінің халықпен кездесулері жалғасуда. Бүгінге дейін ауданға қарасты 14 кент және ауылдық округтердің жетеуінде тұрғындармен кездесу өткізген аудан әкімі Жандос Еркінбек кезекті жиынын Ақжар және Ақтөбе ауылдық округтерінде жалғастырды.

Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, ауылдық округтерде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар талқыланды.

Ақжар елді мекенінде инфрақұрылымды жаңғырту бағытында облыстық бюджет есебінен Ораз ахун және Жалғасбай Тұяқбаев көшелеріне 283,9 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Қасымтай Ізтелеуов көшесі бойына 4 бейнебақылау камерасы орнатылып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Ауыл шаруашылығы саласында да төрт ірі және шағын шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысуда.

Ақтөбе ауылдық округінде де жаңа жобалар қолға алынуда. Атап айтқанда, «Оңталап» шаруа қожалығының демеушілігімен Ы.Сейтенов көшесінің кіреберісінен «Төтенше жағдай бекеті» ғимаратының құрылысы басталмақ.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы – елді мекен экономикасының негізгі бағыты. Бүгінде «Ақтөбе и К» ЖШС, «Оңталап» және «Дөйт» шаруа қожалықтары биыл 3 310 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, егіс егуде. Оның ішінде 1815 гектарға күріш себіліп отыр.

Кездесу барысында тұрғындар жүргізілген жұмыстарға алғысын білдірді. Сондай-ақ Жандос Еркінбек жеке қабылдау да өткізіп, ауыл шаруашылығы бағытында көтерген мәселелерге жауап беріп, сала басшыларына тиісті тапсырмаларын жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

26 маусым 2026 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (10516)

26 маусым 2026 ж.

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 372
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 891

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930