» » Кездесу Ақтөбе ауылында жалғасты

Кездесу Ақтөбе ауылында жалғасты

Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Бөрібайұлы кезекті кездесуін Ақтөбе ауылдық округінде жалғастырды. Балалар жылында «Оңталап» шаруа қожалығының демеушілігімен тарту етілетін спорт алаңының құрылысымен танысты.
Одан әрі, ауылдық клуб үйіндегі кездесуде, Ақтөбе ауылдық округінде индустрияландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан ірі жобаның бірі «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасының жыл аяғына дейін іске қосылуына жұмыс жүргізіліп жатқанын және жоба аясында 200 адам жұмыспен қамтылатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, «Тұрған тамы» шаруа қожалығының балық өңдеу цехын ашу жоспарларының қолға алынып жатқандығын айта отырып, кәсіпкерлікті кеңейту заманның талабы екендігін ескертті.
Сонымен қатар демеушілер есебінен, Ақтөбе елді-мекеніндегі электр желілерін жаңғырту қосалқы станциясын кеңейту жұмыстарының қолға алынғандығын атап өтті.
Келелі кездесуден соң, аудан әкімі тілек білдірген ауыл тұрғындарының жеке сұрақтары бойынша қабылдауын жүргізді.
03 тамыз 2022 ж. 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031