Құрылтай
» » ЕЛ МҮДДЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ

ЕЛ МҮДДЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында мерекелік қабылдау өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Бұл күн – сіздердің еңбектеріңізге деген ерекше құрметтің белгісі. Өздеріңізге белгілі, ауданымызда осы салада бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Біз мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуда бірлесе еңбек етудеміз. Бұл ретте сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз аса маңызды. Сондықтан жауапты міндеттің жүгін арқалап жүрген Өздеріңізге шынайы алғысымды білдіремін, – деді.
Аудан басшысы өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің ел дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы рөліне тоқталып, олардың адал еңбегі мен кәсібилігіне жоғары баға берді. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мен тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде сала қызметкерлерінің үлесі зор екенін атап өтті.
Қазіргі таңда ауданда 150-ге жуық мемлекеттік қызметші нәтижелі еңбек етіп келеді. Осыған орай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және мемлекеттік қызметтің өркендеуіне үлес қосқан бірқатар маман аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Іс-шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Жиын соңында аудан әкімі мемлекеттік қызметтің беделі мен халық сенімін сақтау әрбір қызметкердің басты міндеті екенін атап өтіп, барша мамандарға табыс пен толағай жетістіктер тіледі.
«ҚТ» ақпарат
28 маусым 2026 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 665
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31