» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Бүгін 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен мерекелік қабылдау өтті.

Мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір бола білген сала мамандарына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған жиында аудан басшысы:

- Бұл күн – сіздердің еңбектеріңізге деген ерекше құрметтің белгісі. Өздеріңізге белгілі, ауданымызда осы салада бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Біз мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуда бірлесе еңбек етудеміз. Бұл ретте сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз аса маңызды. Сондықтан жауапты міндеттің жүгін арқалап жүрген Өздеріңізге шынайы алғысымды білдіремін,- деді.

Бүгінде ауданымызда 150-ге жуық мемлекеттік қызметші халыққа сапалы қызмет көрсетіп, туған өлкеміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Осыған орай қабылдауда ауданның дамуына және мемлекеттік қызмет саласының ілгерілеуіне үлес қосқан бірқатар мамандар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, құрмет көрсетілді.

Іс-шарада аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов сөз сөйлеп, ізгі тілектерін арнады.

- Мемлекеттік қызметтің беделі – сіздер арқылы қалыптасады. Сондықтан да біз осы сенімді ақтауға, ел үшін адал қызмет етуге тиіс екенімізді естен шығармауымыз керек,- деп Жандос Еркінбек өз сенімін білдіріп, жиынды қорытындылады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 маусым 2026 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 349
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 874

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930