Конституция
» » БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТА НӘТИЖЕ БОЛАДЫ

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТА НӘТИЖЕ БОЛАДЫ

Елімізде қоғамдық кеңестердің аясы кеңейді. Ел үшін пайдалы шешімдер қабылдау – қоғамдық кеңестердің құзыретіне кіреді. Қазіргі уақытта азаматтық белсенділік артып, мемлекет пен қоғамның серіктестігіне жол ашылды. Қоғамдық кеңестер – мемлекет қабылдайтын шешімдердің жариялы, ашық болуын қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші, әрі бақылаушы орган. Бүгінде еліміздің алдында тұрған азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде іске қосу талабы күшейтіліп, мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар бірлесе нәтижелі жұмыстар жүргізуде.
2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығына сәйкес, аудандық қоғамдық кеңесте нақты жұмыстар атқарылуда. Қоғамдық кеңес отырыстары талқылаулар мен шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық пікірді ескеріп, азаматтық қоғамның мүдделерін білдіретін маңызды институтқа айналып отыр. Кеңес мүшелерінің қоғамда атқарып келе жатқан жұмыстары өзіндік сипатқа, өзіндік мазмұнға ие және ауданымыздың алымды аяқ алысы, актуальды мәселелері назарда тұрады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Біз еліміздің әлеуетін нығайта түсуіміз керек, яғни азаматтардың мұң-мұқтажына құлақ асатын және ең бастысы, мәселені тиімді шеше алатын әлеуеті мықты ел болуымыз қажет» деп атап өтті.
Бұл жерде мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі – қоғамдық кеңестің ауқымын кеңейтіп, қоғамдағы рөлін нығайту. Өйткені қоғамның қозғаушы күші саналатын кеңес мүшелері өңірлерде түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға септігін тигізеді және елімізде Азаматтық қоғамды дамытып, Ұлт жоспарына қажетті маңызды істерді атқарады.
Кеңес отырысында ауданымыздың 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы атқарылатын негізгі міндеттері туралы аудан әкімінің есебі жасалып, жалпы өткен жылы жергілікті атқарушы органдар тарапынан атқарылған нәтижелі жұмыстары атап өтіліп, биылғы жылға тиісті межелер белгіленді. Ол туралы аудан тұрғындарына жан-жақты ақпарат берілді.
Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы мен аудандық қоғамдық кеңес төрағасының өткен жылғы атқарылған жұмыстары мен шешімін тапқан мәселелерге тоқталып, алдағы атқарылатын жұмыстар барысы баяндалды. Жиынға қатысушылар аудандық қоғамдық кеңестің жұмысына оң баға бере отырып, алдағы уақытта да өзекті мәселелерді көтеруде елеулі үлес қосатындарына сенім білдірді.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V ҚРЗ Заңын және Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 2 қазандағы «Қоғамдық бақылау туралы» №30-VIII ҚРЗ Заңын басшылыққа алып, осы жылдың наурыз айында Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері тарапынан «ҚРДСМ СЭБ Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесінің атқарып жатқан жұмыстарына және зертханалық зерттеулердің сапалы әрі жедел, санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен ережелерге сай жүргізілу барысына қоғамдық мониторинг жасалды.
Мониторинг барысында денсаулықты қорғау үшін дер кезінде шара қабылдауда санитариялық-гигиеналық, биологиялық қауіпсіздік саласындағы жұмыстар зерделеніп, жұмыс сапасын арттыру үшін заманауи жабдықтар мен зертханалық қызметтің қауіпсіздігін, тиімділігін арттыруға бағытталған тәжірибелер жайлы айтылды.
Аудан көлемінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу, санэпидқызмет көрсетушілердің кәсіби деңгейлерін арттыру мақсатында бағытталған іс-шаралары жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарға байланысты және жұмыс жоспарына сәйкес ҚРДСМ СЭБ Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесінің атқарып жатқан жұмыстары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерінің сапасы мен нәтижелі жұмыс жасаудағы есебі, сонымен қатар Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен нәтижелі жұмыс жасаудағы есебі тыңдалып, қаралған мәселелер бойынша аудандық қоғамдық кеңес тарапынан нақты ұсынымдар жасалды.
Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруда жеткіліксіз жұмыс жасап отырғаны атап көрсетілді. Әсіресе Ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру және орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың облыс әкімдеріне әрбір 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмаларын орындауда жүйелі жұмыс істеп, қамтамасыз ету ұсынылды.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен нәтижелі жұмыс жасаудағы атқарылған жұмыстары туралы есептерін беру кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасы «ZOOM» платформасы арқылы онлайн қатысып, сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Кеңес отырысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің «Аудандық бюджеттің атқарылуы жайлы жылдық есебі» талқыланып, талқылау қорытындысы бойынша аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп назарға алынып, бекітілді.
Мемлекет басшысының бағаны қалыптастыру тетігін реформалау бойынша берген тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі елімізде фармацевтикалық саланы дамытуда іс-шараларды нақтылап, дәрі-дәрмек бағасын жолға қою бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі халықты қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында медициналық препараттардың жаңа шекті бағасын белгіледі. Республика аймағында дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру тетігі қайта қаралып, нормативтік база жаңартылған. Барлық өңірде бағаны бақылау үшін DARI.KZ мобильдік қосымшасы жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, үстеме бағаларға бақылау күшейтіліп, барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер тарапынан өңірлердегі дәріханаларда дәрілер бағасына қоғамдық бақылау жүргізілді.
Біздің ауданда барлығы 18 дәріхана, оның ішінде Жосалы кентінде – 9, Төретам кентінде – 6, Ақай ауылдық округінде – 2, III Интернационал ауылдық округінде 1 дәріхана жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 2 қазандағы «Қоғамдық бақылау туралы» №30-VIII ҚРЗ Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің 05.01.2026 жылғы «Дәрілер бағасына қоғамдық бақылау жүргізу туралы» №04-24/11 хатына сәйкес, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесі мүшелерінен құрылған Қоғамдық бақылау тобымен биыл 21-28 қаңтар күндері аудан дәріханаларында дәрілердің жаңа шекті бағасына қоғамдық бақылау жүргізілді.
Жоғарыда аталған қоғамдық бақылау жасауға келісім берген дәріханаларда дәрі-дәрмектің жаңа шекті бағасына қоғамдық бақылау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік маңызы бар препараттарға бағаның төмендетуі мұқтаж азаматтар үшін экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуде ұлт денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шаралары жайлы түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.
Жыл басынан бері аудандық қоғамдық кеңесте белгіленген жоспарға сай және мекемелерден ұсынылған барлығы 19 мәселе қаралып, зерделенді. Сонымен қатар, кеңеске мемлекеттік мекемелерден келіп түскен 11 нормативтікқұқықтық актілер зерделеніп, келісім берілді.
Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2022 жылғы бекітілген медиа-жоспарына сәйкес, аудандық қоғамдық кеңестің жыл басынан бері атқарған жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға байланысты «Facebook» әлеуметтік желісінде, аудандық «Қармақшы таңы», «Бәйтерек» газеттерінде жарияланып, аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында ақпараттандырылып отырылды.
Қорыта келгенде қоғамдық ұйымдардың белсенділігі артып, қоғамдық кеңестердің үлкен жауапкершілік жүктелген жұмыстары ел дамуына сүбелі үлесін қосып келеді.
А.ҚАЛИ,
аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі
28 маусым 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 380
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 899

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930