Қоғамдық кеңес – азаматтық бастамалар алқасы
qarmaqshy-tany.kz Қоғамдық кеңес – республикалық және жергілікті деңгейде талқылау мен шешім қабылдау кезінде қоғамдық пікірді ескеріп, ел ішіндегі проблемаларды қозғап, азаматтық қоғамның мүдделерін білдіретін ұлт жоспарына қажетті маңызды институт.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы 2015 жылғы 2 қарашада №383-V ҚРЗ қабылданды.
Қоғамдық кеңес – мемлекет қабылдайтын шешімдердің жариялы, ашық болуын қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші, әрі бақылаушы орган. Кеңес мүшелері қоғамдық бастамамен қызмет атқарады, республикалық және жергілікті деңгейде маңызды мәселелерді қозғап, қоғамда өз орны бар шешімдер қабылдап отырады.
Қоғамдық кеңестер азаматтық қоғамның мүдделерін білдіре отырып, республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылауда жұртшылықтың пікірін ескереді, қоғамдық бақылауды ұйымдастырады, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамытады.
Заң талаптарына сәйкес мемлекеттік басқарудың республикалық және жергілікті деңгейлеріндегі қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері негізінде бекітілген жұмыс жоспары бойынша биылғы жыл басынан бірқатар нақты жұмыстар жүргізілді.
Осы уақытқа дейін аудандық қоғамдық кеңесте 3 отырыс өткізіліп, 23 мәселе қаралды. Нақтылай кетсек, «Аудан әкімінің Қармақшы ауданының 2022 жылғы әлеуметтікэкономикалық дамуы мен алдағы атқарылатын негізгі міндеттері туралы» есебі, аудандық Қоғамдық кеңестің 2022 жылғы атқарылған жұмыстары жайлы, «Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің «Жер заңнамасының сақталуы туралы» хаты, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа ұсынылатын жер учаскесінің орналасу жобасы және тізіміне» келісім беру туралы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі мен Қармақшы ауылдық округі әкімдігінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жайы талқыға түсті. Сондай-ақ, аудан көлемінде өрт қауіпсіздігін сақтау және тұрмыстық табиғи газды дұрыс пайдалану, газ баллондарын қолдану кезінде сақтық шараларын ұстану, оларға техникалық қызмет көрсету үшін мамандандырылған ұйымдар қызметінің атқарып жатқан жұмыстары, «Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» аудандық мәслихаттың шешім жобасы, «Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №227 «Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №162 «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін жою туралы» аудандық мәслихаттың шешім жобасы қаралды. Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі №323 «Тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» аудандық мәслихаттың шешім жобасы, «Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы №137 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихаттың шешім жобасы жайлы пікір білдіріліп, кеңес құрылды.
Аудандық қоғамдық кеңестің құрамына өзгеріс енгізіліп, аудан көлемінде жастар арасында және кәмелетке толмағандар арасында жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне (Жол қауіпсіздігі. Өрт қауіпсіздігі. Судағы қауіпсіздік ережелері) байланысты атқарылып жатқан жұмыстар, аудандағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлерінің жұмыс уақытын тиімді пайдалану, ішкі еңбек тәртібін сақтау және оны нығайту барысындағы атқарылып жатқан жұмыстар әрдайым басты назарда. Төретам кенті әкімдігі мен Жаңажол ауылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету барысы және жергілікті атқарушы орган ретінде нәтижелі жұмыс жасаудағы есебі, «Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №249 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың шешім жобасы, аудандық бюджеттің атқарылуы жайлы жылдық есеп, «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың шешім жобасы, «Қармақшы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың шешім жобасы, «Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпанындағы №11 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы, «Қармақшы ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №673 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» аудан әкімдігінің қаулы жобасы, «Қармақшы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы» аудандық мәслихаттың шешім жобасы жайлы мәселелер қаралып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Аудандық қоғамдық кеңес отырысында қаралған бірқатар кент, ауылдық округтер мен мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жайлы мәселелер бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Е.Булебаев «ZOOM» платформасы арқылы онлайн қатысып отырды.
Аудандық кеңес отырысында қаралған мәселелер бойынша бірқатар мекемелерге кеңес тарапынан ұсынымдар жасалып, орындалуы бақылауға алынды.
Жыл басында аудандық қоғамдық кеңес отырысында ауданымыздың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы атқарылатын негізгі міндеттері туралы аудан әкімінің есебі жасалып, жалпы өткен жылы жергілікті атқарушы органдар тарапынан атқарылған бірқатар нәтижелі жұмыстары атап өтіліп, алдағы жылдарға да белгіленген бастамаларды жеткізді. Ол туралы аудан тұрғындарына жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесу барысында аудан басшысы аудандық қоғамдық кеңеспен бірлесе жұмыс жасап, алдағы уақытта да өзекті мәселелерді көтеруде елеулі үлес қосатындарына сенім білдірді.
Кезекті отырыста «Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің «Жер заңнамасының сақталуы туралы» хатына сәйкес Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы М.Тілеуов хабарлама жасап, онда Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментімен аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатында жер учаскелерін мақсатына сай пайдаланылмаған және ұтымсыз пайдаланған жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілгендігін және уақытылы орындалмаса сот шешімімен мәжбүрлеп алып қойылатындығын атап өтті.
Осыған байланысты жергілікті қоғамдастық жиналысына ауылдық округтердегі шаруашылық және шаруа қожалықтарының басшыларын, жер үлесінің егелерін және аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің мамандарын қатыстыра отырып, осы аталған мәселе жергілікті қауымдастықта талқыланып, жер заңнамасының сақталуына тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне жер учаскелеріне немесе оны пайдаланып отырған шаруашылық құрылымдары мен шаруа қожалықтарындағы жерлердің мақсатына сай және тиімді пайдалану жайына үнемі бақылау орнату, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізу жайлы ұсыным қабылданды.
Аудандық қоғамдық кеңесте мемлекеттік мекемелерден келіп түскен 11 нормативтік-құқықтық актілер зерделеніп, келісім берілді.
Аудандағы Төретам кенті және Жаңажол ауылдық округі әкімдіктерінің мемлекеттік қызмет көрсету барысы және жергілікті атқарушы орган ретінде нәтижелі жұмыс жасаудағы жұмыс сапасы зерделеніп, қоғамдық кеңес мүшелерімен қоғамдық мониторинг жүргізіліп, тиісті ұсынымдар жасалды.
Әсем МЕРЕКОВА,
аудандық қоғамдық кеңес мүшесі