» » Қармақшы ауданы бойынша жастардың қоғамдық кеңестер институтына қызығушылығын арттыруға бағытталған кездесу

Қармақшы ауданы бойынша жастардың қоғамдық кеңестер институтына қызығушылығын арттыруға бағытталған кездесу

qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының «Орталық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің құрамында жастарға арналған квотаны ұлғайту» тармағын орындау мақсатында 2023 жылдың 19 шілде күні Қармақшы ауданы бойынша жастардың қоғамдық кеңестер институтына қызығушылығын арттыруға бағытталған «Жастар қуаты жақсылыққа жұмсалсын» атты тақырыпта аудандық жастар ресурстық орталығында аудан жастарымен кездесу өткізілді.

Аталған кездесуге Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә.Құлдүйсенов, аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Н.Жанәділов, аудандық қоғамдық кеңесінің хатшысы Б.Карибаев қатысты. Жастармен кездесуді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Пірназаров жүргізіп отырды.

Осы жиылыс барысында аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә.Құлдүйсенов және аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Н.Жанәділов еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі қоғамдық кеңестердің маңызды рөлін және олардың қызметі туралы сөз қозғап, қоғамдық кеңестер институтын қоғамдық бақылаудың және мемлекет істерін басқаруға азаматтық қатысудың маңызды құралының бірі ретінде танымал ету бойынша жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осымен қатар қолданыстағы заңнаманың нормаларын ескере отырып, қоғамдық кеңестер құрамындағы жастардың үлесін арттыру бойынша сандық индикаторларды (2023 ж. (10%), 2025 ж. (15%) және 2028 ж. (20%). айта келе, бұл ретте, 2023 жылы қоғамдық кеңестер құрамындағы жастар үлесінің өзгеруіне жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту есебінен қол жеткізу жоспарланып жатқанын атап өтті.
Жастар саясаты – елдегі тұрақтылық пен орнықты дамудың негізі. Бүгінгі таңда республикадағы қоғамдық кеңестер құрамындағы жастардың орташа үлесі 9,11% құрайды.

Жастардың арасында қоғамдық кеңестер институтына деген қызығушылығын арттыруға және оларды танымал етуге бағытталған және аудан жастарының азаматтық белсенділігін арттырып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылған кездесуге қатысушылар «Ел болашағы жастардың қолында: олардың еңбекқорлығына, талап-мұратына, арман-мақсатына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып қалған құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Жастардың келешегі елдегі белгілі әлеуметтік топ ретінде емес, оларға мемлекеттің болашағы, ұлттың тағдыры, елдің ертеңгі иесі ретінде қарағанда ғана ұлт құндылығын ұлықтай аламыз»-деп қорытындылап, жастардың болашағына сәттілік тіледі.

20 шілде 2023 ж. 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 270

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 368

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930