» » Аудандық қоғамдық кеңесінің қорытынды отырысы өтті

Аудандық қоғамдық кеңесінің қорытынды отырысы өтті

qarmaqshy-tany.kz Жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен кеңес отырысы болып өтті. Кеңес отырысына аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов ("ZOOM" платформасы арқылы онлайн қатысты), аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығының директоры О.Мұнарбаев, аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Б.Шерниязов, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Е.Еркебаев, Ақжар ауылдық округі әкімі Н.Тұрсынбаева, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Пірназаров, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. «Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың жайы туралы».
2. «Аудандық мемлекеттік сатып алу бөліміндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарының барысы жайлы».
3. «Ауданда жастар саясатын жүзеге асыруда атқарып жатқан жұмыстарының жайы туралы».
4. «Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылының шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің және Қармақшы аудандық мәслихатының бірлескен қаулы және шешім жобасы жайлы.
5. «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 25 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы ауданы әкімінің шешімінің жобасы жайлы.
6. «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақжар ауылының келесі құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» Қармақшы ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің шешім жобасы жайлы.
7. «Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту» туралы.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты Қармақшы ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығының директоры О.Мұнарбаев, Қармақшы аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Б.Шерниязов, Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Пірназаровтар атқарылып жатқан жұмыстарының есебін беріп, аталған мәселелер жан-жақты талқыланып, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына және аудандық жастар ресурстық орталығына қоғамдық кеңес тарапынан тиісті ұсынымдар берілді.
Осымен қатар аудандық қоғамдық кеңес қарауына ұсынылған Қармақшы аудандық жер қатынастары бөлімінің «Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылының шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің және Қармақшы аудандық мәслихатының бірлескен қаулы және шешім жобасы, сол сияқты Қармақшы ауданы әкімінің «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 12 қарашадағы №25 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» және Қармақшы ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақжар ауылының келесі құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» шешім жобалары мақұлданып, келісім берілді.
Кеңес отырысында Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесінің «Аудандық қоғамдық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары» талқыланып, бекітілді.

Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесі

23 желтоқсан 2022 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 852

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930