» » Аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы

Аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы

qarmaqshy-tany.kz Жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен кеңес отырысы болып өтті. Кеңес отырысына аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, Жосалы кентінің әкімінің орынбасары А.Досмуратов, Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Г.Абдазиева, Қармақшы аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары А.Амирбеков, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты дербес бөлімдер мен Жосалы кентінің мектеп директорлары, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқушыларға сапалы білім беру мен кәсіби мамандықтарға баулудағы Қармақшы аудандық білім беру бөлімінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы».
2. «Аудан көлемінде жастар арасында және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жайлы».
3. Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №113 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасы жайлы.
4. Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қармақшы аудандық мәслихат шешімінің жобасы жайлы.
5. «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінің келесі құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» Төретам кенті әкімінің шешімі жобасы жайлы.
6. «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінің келесі құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» Жосалы кенті әкімінің шешімі жобасы жайлы.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Г.Абдазиева атқарылып жатқан жұмыстардың есебін берді. Аталған мәселе жан-жақты талқыланып, аудандық білім бөліміне қоғамдық кеңес тарапынан тиісті ұсыныстар берілді.
Қармақшы аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары А.Амирбеков аудан көлемінде жастар арасында және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтар және олардың алдын-алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабарлама жасады.
Осымен қатар аудандық қоғамдық кеңес қарауына ұсынылған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №113 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобалары мақұлданды.
Сол сияқты «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінің келесі құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» Төретам кенті әкімінің және «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінің келесі құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» Жосалы кенті әкімінің шешім жобалары мақұлданып, келісім берілді.

Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесі

09 желтоқсан 2022 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 096

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031