» » Қоғамдық кеңес өтті

Қоғамдық кеңес өтті

Жақында Жосалы кенті әкімшілігінде аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсеновтың төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, ZOOM арқылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байқожаев, аудандық дербес бөлім басшылары және үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде ауданға қатысты 5 мәселе қаралып, жеке-жеке талқыланды. Атап айтсақ бірінші меселе бойынша «Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын» іске асыру барысы туралы» аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Н.Мырзабаев хабарлама жасады.
Екінші мәселемен «Аудандағы аз қамтылған отбасыларға, әлжуаз топтарға мемлекет тарапынан және жеке қорлар мен азаматтар арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің жайы туралы» аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Ж.Қалымбетов баяндады.
Ал үшінші мәселе бойынша «Аудандық жер қатынастары бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жайы туралы» аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Еркебаев хабарласа, төртінші мәселемен «Аудандық мәслихатының «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы No113 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы туралы» аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла баяндады.
Аудандық мәслихат хатшысы Әділ Үсенұлы бесінші мәселе бойынша «Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы No162 «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы туралы хабарлама жасады. Қоғамдық кеңес отырысында мәселелер тыңдалып, ұсыныстар айтылды. Жиын соңында аудандық қоғамдық кеңестің шешімі қабылданды.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
23 тамыз 2022 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 474

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 545

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031