» » Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

Жосалы кенті әкімдігінің мәжіліс залында Ә.Құлдүйсеновтің төрағалығымен аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес отырысына қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге Қармақшы аудандық мәслихат хатшысы Қошалақов Әділ Үсенұлы, бөлімдер мен мекемелер басшылары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес «Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жайы және алдағы міндеттері туралы» аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ә.Татишевтің, «Аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудегі учаскелік дәрігерлердің атқаратын жұмысы және тұрғындар арасында аурулардың алдын алудағы түсіндірме жұмыстарының жайы туралы» аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары А.Жаналиевтың хабарламалары тыңдалды.
Хабарламаларды тыңдау барысында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Қоғамдық кеңес отырысы орын алып отырған кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсынымдарын қабылдады. Қоғамдық кеңес ұсынымдарының орындалуы кеңес төралқасының үнемі бақылауында болады.
Отырыс барысында сөз алған аудандық мәслихаттың хатшысы Ә.Қошалақов қоғамдық кеңестің қызметі тәуелсіз, ерікті және қоғамдық негізде болатындығына түсінік бере келіп қоғамдық кеңес мүшелеріне мүшелік куәліктерін тапсырды.
06 шілде 2022 ж. 734 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728