» » Ауданда қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Ауданда қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Отырысқа аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге тиісті мекеме, бөлімдер басшылары,үкіметтік ұйымдар жетекшілері қатысты. Кеңестің күн тәртібіне сәйкес «Қармақшы ауданындағы эпидемиологиялық ахуал және індеттің алдын алудағы атқарылған жұмыстардың барысы туралы» аудандық емхананың бас дәрігері Б.Нысанбаевтың, «Аудандағы жүргізіліп жатқан газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарату желілері құрылысының барысы жайлы» аудандық тұрғын үй коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы М.Саршаеваның, мердігер мекеме «Энергоресурс» ЖСШ-нің прорабы Т.Жашеновтың хабарламалары тыңдалды.Ауданда күзгі мезгілдегі короновирус инфекциясының болжамды екінші толқынына жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қармақшы аудандық ауруханасында 100 төсек орындық провизорлық стационардан бөлек Қармақшы аграрлық техникалық колледж жатақханасынан 100 төсек орындық провизорлық стационар ашуға, 17 дәрігер жұмыс жасауға дайындалған.Халыққа үйде, медициналық-әлеуметтік мекемелерде медициналық қызметтер кешенін көрсету үшін 11 жедел бригадалар ұйымдастырылып, дәрі-дәрмектермен қамтылған.Қашықтықтан жұмыс істеу форматында СОVID-19 және пневмониямен ауыратын пациенттерден биоматериалдарды алу,оларға дәрілік заттарды жеткізу мен емдеу бойынша мобильді бригадалар ауруханаға қарасты көлікпен қамтылып,ұйымдастырылған.Науқастарға консультация беру үшін барлық арнайы мамандары бар өңірлік құзіреттер орталықтары құрылған.Бұдан басқа да коронавирус инфекциясының алдын алудағы бірқатар шаралар жүзеге асырылған.
«Қармақшы ауданы Жосалы кентінде таратушы газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу» жобасының құны 3 292 153,7 мың теңге, құрылыстың ұзақтығы 15 ай, жобаның аяқталу мерзімі 31 қазан 2020 жыл, мердігер мекеме «Энергоресурс» ЖШС.Мекемеде 43 адам 10 техника жұмыс жасап келеді. Жосалы кентінде 119 көше орналасқан. Оның ішінде 3827 тұрғын үй, 54 көпқабатты тұрғын үй, 88 дана әлеуметтік және 334 дана кәсіпкерлік нысандар бар.
Осы ретте газ жүргізу мақсатында Жосалы кентіне 6 дана ГРП құрылысы салынуда. Атап айтқанда ГРП-1; ГРП-2; ГРП-3 аумағы бойынша қазіргі таңда 58 көшеге газ құбыры жүргізіліп, 1300 дана ШРП орнатылды. Қазіргі таңда қалған ГРП-4; ГРП-5; ГРП-6 аумағы бойынша 61 көшеге газ құбырлары жүргізілуде. 2016 жылы әзірленген Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерді газдандыруға арналған жобаға сәйкес жоспарланған жұмыстың 95 пайызы орындалып отыр. Тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы келісім-шартта көрсетілген мерзім бойынша 2020 жылдың қазан айына дейін толық аяқтап, Жосалы кентіндегі барлық тұрғын үйлерді газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Хабарламаларды талқылау барысында қоғамдық кеңес мүшелері мен қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, ұсыныс пікірлерімен бөлісті. Ұсыныс пікірлерді жинақтай келе қоғамдық кеңес отырысы қарар қабылдады.
25 қыркүйек 2020 ж. 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031