» » Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Бейсенбіде К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде қоғамдық кеңестің төрағасы Күлжауһар Раеваның жүргізуімен кеңес отырысы өтті. Оған қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық дербес бөлім мен мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.


Күн тәртібіне сәйкес, "Аудандағы жүргізіліп жатқан газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарату желілері құрылысының барысы жайлы" аудандық тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Мария Саршаева хабарлама жасады. Сондай-ақ "Энергоресурс" ЖШС өкілі Темірбек Жашенов жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын түсіндірді.

Екінші мәселе бойынша, "Қармақшы ауданындағы эпидемиологиялық ахуал және індеттің алдын алудағы атқарылған жұмыстардың барысы туралы" амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев баяндады.

Отырыста хабарлама жасаған сала басшылығына қоғамдық кеңес мүшелері Қаршыға Есдәулетов, Шегебай Құндақбаев, Сақтапберген Медеуов, Нұрбай Жанәділовтер сұрақ қойып, ұсыныстарын айтты.

Жиын соңында кеңестің күн тәртібіне орай жасалған хабарламаларға сәйкес ұсыныстар қабылданды. Қоғамдық кеңес отырысын оның төрағасы Күлжауһар Раева қорытындыланды.

"Қт" ақпарат

26 қыркүйек 2020 ж. 943 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031