» » ҚАЛАМ ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАЛАМ ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Қоғамның тыныс-тіршілігін таразылап, ел арасындағы ақпараттық байланысты нығайтып жүрген журналистердің еңбегі қашан да құрметке лайық. Себебі қалам иелері – қоғамның дамуына өз үлесін қосып келе жатқан майталмандар. Осыған орай 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың төрағалымен салтанатты қабылдау өтті.

Самат Қыдырбекұлы аудан басшысының арнайы құттықтауын жеткізіп:
-Сіздер ауданымыздың дамуын, маңызды жаңалықтарды уақытылы әрі шынайы жариялап, қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Бұл еңбектеріңіз әрдайым лайықты құрметке ие, – деді.

Іс-шара барысында ауданның ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкер аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Сондай-ақ «Сыр дидары» газетінің меншікті тілшісі Қуанышбек Төреев, сала ардагері Күлжаухар Раева және аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Райымбаева сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Журналистер, редакторлар, операторлар, фотографтар, баспагерлер және медиа саласындағы мамандардың еңбегін бағалайтын бұл кәсіби мереке 2019 жылдан бастап ресми түрде бекітіліп, жыл сайын 28 маусымда атап өтіледі.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

27 маусым 2026 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30