» » ҚАЛАМ ҰСТАҒАН ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАЛАМ ҰСТАҒАН ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Бүгін аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы 28 маусым- Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесіне орай журналистика саласының ардагерлерімен, жергілікті басылымда қызмет жасап жүрген тілшілер қауымын қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Бұқаралық ақпарат құралдары ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының, бүкіл тыныс-тіршілігінің шынайы жанашыры, жалынды жаршысы болып келеді.
Ұлт болып ұйысуға, мемлекет болып ілгерілеуге бағытталған елдік шаруаға қосып жатқан үлестеріңіз үшін Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын!
Қазіргі таңда, ауданның медиа кеңістігінде 2 бұқаралық ақпарат құралы, атап айтқанда аудандық «Қармақшы таңы» және «Бәйтерек» газеттері жұмыс жасап келеді.
Аудандық газеттер қай уақытта да елдi бiрлiкке шақырып, қиын шақтарда елдiң патриоттық рухын көтерiп, халық шаруашылығын дамытуға, еңбек қаһармандарын халық арасында насихаттауға қызмет етіп, елдің көкейіндегісін айтатын, еңбеккерлердің ерен еңбегін жариялайтын басылымдар бола білді.
Сіздер билікті де, қоғамды да қамшылайтын күш болғандарыңыз абзал. Жер-жаһанға ақжолтай ақпарат таратып, еліміздің мәртебесі мен мерейін одан әрі асқақтатып, жазарларыңыз көп болсын деп тілеймін!»,- деді Самат Қыдырбекұлы.

Мұнан соң, салтанатты жиында Қармақшы ауданының қоғамдық-саяси өмірін ақпараттандыруда белсенділік танытып жүрген жергілікті басылым өкілдеріне аудан әкімінің Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, «Сыр дидары» газетінің меншікті тілшісі Қуанышбек Жақсылықұлы мен «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Жаудатбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. Олар бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің бүгінгі қоғамдағы жауапты қызметі мен елге қызмет етудегі рөлін атап өтіп, көрсетілген құрметке алғыстарын білдірді.

Іс-шара соңында қатысушыларға шығармашылық табыс, қалам ұшына жүйрік ой мен тың тақырыптар тілеу арқылы мерекелік басқосу қорытындыланды.

27 маусым 2025 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930