» » Бақ өкілдері марапат биігінде

Бақ өкілдері марапат биігінде

Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналистика саласының ардагерлері мен жергілікті басылымда қызмет жасап жүрген тілшілерді қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Билік пен бұқара арасындағы алтын көпір саналатын, ел бірлігінің бекем болуын басты орынға қойып, қоғамға қалтқысыз қызмет ететін ақпарат өкілдерінің қызметі өлшеусіз. Ауданда, облыста, ел ішінде атқарылып жатқан ауқымды істер мен экономика, әлеумет, тұрмыс, т.б. өзекті тақырыптарда қалам тербеп, қалың бұқараны ақпараттандыруда тынымсыз еңбек етіп келесіздер, - деп барша ақпарат айдынының қызметкерлеріне шығармашылық шабыт, отбасыларына амандық тіледі.
Жиында аудандық мәслихат хатшысы Ә.Үсенұлы өз кезегінде БАҚ өкілдеріне деген жылы лебізі мен мерекелік құттықтауын білдірсе, ардагер журналистер Алтай Үсенұлы, Шегебай Құндақбайұлы және аудандық «Бәйтерек» газетінің редакторы Нұрбай Әбілахатұлы мерекеде құрмет көрсеткен аудан басшысына алғысын айтып, өз ұсыныстарын да жеткізді.
Шара соңында ақпарат саласында өзіндік орны бар, еңбегі сіңген қарымды қалам иегерлері марапатталды.
30 маусым 2022 ж. 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 385
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930