» » ҚАЛАМГЕР ҚАУЫМҒА ҚҰРМЕТ

ҚАЛАМГЕР ҚАУЫМҒА ҚҰРМЕТ

Қай дәуір, қай кезеңде болсын, бұқаралық ақпарат құралдарының уақыт үнімен үндесе отырып, қоғамның қозғаушы күші ретінде өзінің мақсат-міндетінен табыла білгендігі ақиқат. Сол арқылы тіршілік тынысына жан бітіріп, заман талабын қанағаттандыра алғанын өткен тарихымызға үңіле, бүгінгі қоғамның саяси өміріне назар аудара отырып аңғарамыз. Мұндай абыройлы биіктен көріну қиын да жауапкершілігі салмақты міндетті арқалап, мамандығын мақтаныш ете білген журналистер қауымының ізденісті істері мен қарымды қаламының жетістігі екені талас тудырмайды.
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі. Мерейлі мереке қарсаңында кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында мерекелік қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов ақпарат айдынында жүрген қармақшылық қаламгерлерді төл мерекесімен құттықтады. Шығармашылық иелеріне табыс тілеп, ізгі лебізін жеткізді.
– Ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп журналистика саласының маңызы тереңде екенін атап өткен болатын. Қазір ақпараттық технология дамып, газет, телеарна, радиодан бөлек, интернет порталдардың да жұмысы жанданып, жаңалықтарды жедел ұсынудың жолдары көбейді. Журналистика саласына артылар жүк ауырлап, төртінші билік өкілдерінен шапшаңдық, шынайылық талап етілуде. Бұл ретте Қармақшы ауданының қаламгерлері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, ел мүддесі жолында аянбай қызмет етуде. Жыл сайын мамыражай маусымда аталып өтетін тілшілердің төл мере­ кесі құтты болсын! Сіздерге шығармашылық шабыт тілеймін. Жұмыста табысты болыңыздар. Отбасы­ ларыңыз бен жақындарыңызға амандық, денде­ ріңізге саулық тілеймін, – деді Самат Қыдырбекұлы.
Сондай-ақ баспасөз саласында белсенді қызмет атқарып жүрген басылым өкілдеріне аудан әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табысталды. Салтанатты жиында «Сыр дидары» газетінің меншікті тілшісі Қуанышбек Жақсылықұлы мен «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Жаудатбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. Олар бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің бүгінгі қоғамдағы жауапты қызметі мен елге қызмет етудегі рөлін атап өтіп, көрсетілген құрметке ризашылықтарын жеткізді.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
28 маусым 2025 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031