» » Құрметті Қармақшы таңы» газетінің ұжымы!

Құрметті Қармақшы таңы» газетінің ұжымы!

qarmaqshy-tany.kz Сіздерді Алаштың Анасы атанған Сыр өңіріндегі қасиетті Қармақшы ауданының бас газеті «Қармақшы таңы» газетінің 91 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Осы жылдар бедерінде аудан халқының әлеуметтік жағдайы мен мәдениеті, тыныс-тіршілігі, білімі мен денсаулық сақтау саласы, шаруашылығы мен өндірісі жайлы маңызды мәселелерді көтеріп, қоғамдағы ақпараттық мәдениетті өрістетуге сүбелі үлестеріңізді қосып келесіздер.

Кезінде Ұлтымыздың ұлы ұстаздарының бірі, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деген мағыналы сөздері қазіргі уақытта да өзекті болып отыр.

Ахаң тіл мәселесі жайлы да кейінгі ұрпақтарға аманат етіп, «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек» - деп айтып кеткен еді.

Мемлекет БасшысыҚазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында ақпарат құралдарының қоғамда алатын орны жайлы «Мемлекет ашық ақпараттық кеңістік пен сұранысқа ие әрі пәрменді ақпарат құралдарын құруға айрықша назар аударады. Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті...Журналистер өз еліне және азаматтарына шынайы жанашыр болуға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары бекерден бекер "төртінші билік" атанбаса керек...Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес екеніне сенімдімін», -деп айтқан болатын.

Жаңа Қазақстан - жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты.Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік болсын! Ендеше, Жаңа Қазақстанды бірге құрып, бірге өркендетейік, құрметті ағайын!

Бауыржан Елеусінов,Қармақшы ауданының құрметті азаматы



12 сәуір 2023 ж. 397 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 321

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 416

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930