» » Бір шаңырақ астындағы шексіз махаббат

Бір шаңырақ астындағы шексіз махаббат



Ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтардың алтын діңгегі - отбасы. Берік қоғамның негізі ретінде бұл ұғым 1993 жылдан бастап 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні ретінде ресми түрде атап өтіліп келеді.

Осыған орай бүгін «Руханият» орталығында аудан әкімінің тапсырмасымен «Бір шаңырақ астындағы шексіз махаббат» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды.

Отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұя институтының қоғамдағы маңызын насихаттау мақсатында өткізілген тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы қатысып, айтулы мерекеге орай ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ мереке аясында ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген өнегелі отбасылар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Мерекелік шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков жылы лебізін білдіріп, бірлік пен ұрпақ тәрбиесінің маңызын атап өтті.

Татулық пен сыйластықты ту етіп, жас ұрпаққа өнеге болған - «Гаухар той» иегерлері де бүгінгі күннің маңыздылығын айтып, көрсетілген құрметке өз алғыстарын білдірді.

Отбасы құндылықтарын ұлықтаған берекелі басқосуда ән мен жырдан шашу шашылып, аудан өнерпаздары тағылымды кешке ерекше көңіл-күй сыйлады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 мамыр 2026 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 922
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930