» » ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН ӘЖЕЛЕР

ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН ӘЖЕЛЕР

Республикалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен еліміздің әр өңірінде қолға алынған «Аялы әже» форумы ауданымызда да жалғасын тапты. Аудандағы «Руханият» орталығында өткен тағылымды шара ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі – әжелердің қоғамдағы рөлі мен маңызын кеңінен насихаттауға арналды.
Форум жұмысы қазақ халқының көнеден келе жатқан ұмыт қалған салт-дәстүрлерінен қойылымдармен бастау алды. Атап айтқанда, «Арқаластыру», «Танабау тағу», «Босаға майлау» рәсімдері көрініс ретінде сах наланып, көрермендерге терең әсер қалдырды. Сонымен қатар, Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған тарихитанымдық көрмені тамашалап, аудандық балалар әуез мектебінің оркестрі ұсынған күй-шежірені тыңдады.
Іс-шараның салтанатты ашылуына аудан әкімінің орын басары Самат Қыдырбекұлы қатысып, қатысушыларды аудан әкімінің атынан құттықтап, елдің әлеуметтік-мәдени өміріне белсене араласып жүрген аяулы әжелерге Алғыс хат табыстады. Мұнан өзге отбасы – рухани байлықтың, ұрпақ сабақтастығының және ұлттық тәрбие бастауының алтын ұясы екенін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, әжелер ансамблінің төрайымы Талмаш Жұмабаева, ауданнның Құрметті азаматы Мұсахан Басшыбаев ізгі тілектерін білдіріп, әжелер мектебінің ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы ой бөлісті.
Форум соңы аудан өнерпаздары мен әжелер ансамблінің өнерімен жалғасып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«ҚТ» ақпарат
20 сәуір 2025 ж. 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 088
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 745

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031