» » ӘЖЕ – ҰЛТ ҰЙТҚЫСЫ, ТӘРБИЕ БЕСІГІ

ӘЖЕ – ҰЛТ ҰЙТҚЫСЫ, ТӘРБИЕ БЕСІГІ

Қазақ қоғамындағы әженің рөлі – өте маңызды әрі ерекше. Ол тек отбасының үлкені ғана емес, бір әулеттің ақылшысы, рухани тәрбиешісі, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтардың сақтаушысы ретінде бағаланады. Әже ұрпақ тәрбиесінде айрықша орын алады. Қазақ халқының дәстүрінде әжелер немересін бауырына басып өсіріп, оларға халықтың салт-дәстүрін, ырым-тыйымын, мақал- мәтелін, ертегі-аңыздарын үйреткен. Бұл арқылы ұлттың рухани мұрасы ұрпақтан- ұрпаққа жетіп отырған. Әженің сөзі – дана, жүрегі – мейірім. Ол отбасындағы татулықтың, бірліктің кепілі. Әжелер келін тәрбиелеп, әйелдің отбасындағы орнын көрсетіп отырған. Сонымен қатар, олар емшілік, шипагерлік, тігіншілік, үй шаруасы сынды тұрмыстық істерді де жастарға үйреткен.
Қазіргі заманда да әженің рөлі өз маңызын жоғалтқан жоқ. Керісінше, рухани жаңғыру дәуірінде ұлттық тәрбиені жаңғыртуда әжелердің орны ерекше. Олар немерелеріне ертегі айтып, домбыра тартып, бесік жырын шырқап, ұлттың болмысын сіңіреді.
Бейсенбі күні Байқоңыр қаласында ерекше форматтағы маңызды іс-шара – «Аялы әже» атты алғашқы форум өтті. Бұл тағылымды басқосу Ғарыш-инфрақұрылымы ғимаратында ұйымдастырылды. Шараны «Байқоңыр қалалық Аналар кеңесі», Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Байқоңыр қаласындағы филиалы және ардагерлер кеңесі бірлесіп өткізді.
Жиынға Байқоңыр қаласының, Төретам кентінің және Ақай ауылының ақжаулықты ардагер-аналары қатысты. Ұрпақ тәрбиесінде айрықша рөл атқаратын әжелеріміз – халқымыздың рухани тірегі, салт- дәстүріміздің сақтаушысы екені форум барысында ерекше атап өтілді. Жиынды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серғожа Бисембаев ашып, жиналған ардагер-аналарға жылы лебіздерін білдіріп, оларды салтанатты түрде марапаттады.
Форум аясында әжелер ұлттық әндерді нақышына келтіре орындап, халықтың салт-дәстүрі мен өнегелі өмір жолы жайлы әңгімелер өрбітті. Олар қоғам өмірінен қол үзбей, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде белсенділік танытып жүргендерін көрсетті. Осындай үлгілі ұрпақ тәрбиелеп отырған ардақты аналарымыз ұлттық құндылықтарымызды сақтау жолында өлшеусіз еңбек етіп келеді. Шара барысында жеке кәсіпкер Кенішкүл Есщанова 50 әжеге ақ жаулық сыйға тартып, анаға деген шынайы құрмет пен ризашылықтың жарқын үлгісін көрсетті. «Аяулы әже» форумы – аналарға деген құрметтің, ұрпақ тәрбиесіне арналған жауапкершіліктің, сондай-ақ ұлттық тәрбиенің маңыздылығын дәріптеген тағылымды шара болды.
Қымбат МОЛЫБЕКҚЫЗЫ,
Байқоңыр қаласы
12 сәуір 2025 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930