» » Ислам – отбасы берекесін үндейді

Ислам – отбасы берекесін үндейді



Отбасы ұғымы – ауқымы кең, қай заманда болсын адамзат үшін өте құнды, өте маңызды ұғым. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 187-аятында: «Олар сендер үшін киім іспетті, сендер де олар үшін дәл сондай киім секілдісіңдер», – деп айтқан. Осы аяттан байқайтынымыз, Құдай ерге әйелді, әйелге ерді «киімге» теңеп тұр. Киімнің адам үшін атқаратын функциясы қандай? Ыстық күні ыстықтан, суық күні суықтан қорғаушы құрал. Адамның көркін ашатын, кемшілігін жабатын да дәл осы киім.
Адамзаттың ардақтысы, әлемнің рахым нұры Пайғамбарымыз былай дейді: «…Әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар» – деген.
Сонымен қатар, пайғамбарымыз Мұхаммед «Сендердің ең жақсыларың – отбасына жақсы қарағандарың. Мен де отбасыма жақсы қарағандардың ең ізгісімін» деп, отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау мұсылманның басты қасиеттерінің бірі екенін ескертті. Ислам діні отбасыны жай ғана жақын адамдардың одағы деп емес, рухани және адамгершілік құндылықтардың діңгегі деп қарайды.
Отбасы – түсіністік пен құрметтің қайнар көзі. Махаббаттың символы. Махаббатқа қанып өскен балалар өздері де мейірімді, жауапты әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Сонымен қатар, отбасы – ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ұрпақтан-ұрпаққа берілуінің басты көзі. Жанұясы – қазақ халқының рухани байлығын қорғап, оның сақталуын қамтамасыз ететін басты құндылықтардың бірі. Отбасында қалыптасқан құндылықтар арқылы жас ұрпақ халқымыздың мәдени мұрасын сақтап, өз тамырынан ажырамайды.
Отбасындағы тәрбие баланың болашақта қандай адам болатынын анықтайды. Әрбір тұлға үшін бала шақтан болашаққа нақты қадам жасауға отбасының берері мол.
Нұрболат РАХМЕТТУЛАЕВ,
аудандық «Қармақшы ата» мешіті бас имамы
26 ақпан 2025 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 604
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930