» » Дұғаның вирустан қорғайтын дауасы бар ма?

Дұғаның вирустан қорғайтын дауасы бар ма?


Адам баласына бұл өмірде Алла Тағаланың түрлі сынақтар беретіні хақ. Бұл туралы Хақ Тағала Құранда: «Шүбәсіз, Біз сендерді қорқынышпен, аштықпен және мал-мүліктеріңді, жақындарыңды әрі өнімдеріңді (табыстарыңды) кеміту арқылы сынаймыз», – деп ескерткен («Бақара» сүресі, 155-аят). Сондай сынақтың бірі – індеттің тарауы. Қазіргі уақытта коронавирус атты жұқпалы ауру бүкіл адамзатты алаңдатуда. Бұл індет бірқатар елге таралып, мыңдаған адамның өміріне қауіп төндіруде. Сондықтан, еліміздің әрбір азаматы денсаулығына жете мән беруі қажет. Жұқпалы індеттің алдын алу үшін барлық сақтық шарасын көру керек.

Алла Тағала адамзат баласына: «Өз бастарыңды қауіп-қатерге тікпеңдер», – деп ескерту жасаған («Бақара» сүресі, 195-аят). Алла берген аманат – өз өміріміз бен денсаулығымызға дұрыс күтім жасамай, қауіп-қатерге көзсіз ұрынар болсақ, түбінде опық жейтініміз сөзсіз.

Жұқпалы аурулардың қай қайсына болмасын Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Науқасқа жақындаудың қаупі зор», – деп ескертеді. Науқас адамдарға тым жақындамау жайлы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жұқпалы ауруға шалдыққан адамнан жыртқыш хайуаннан қашқандай қашыңдар (яғни қорғаныңдар)» деген хадис шәріп арқылы ескерту жасайды. Сондай-ақ, бұған Ислам дініндегі «Өзіне де, өзгеге де зиян келтіру жоқ» деген қағида дәлел болады.

Сонымен қатар, пенде Жаратушы Иесіне дұға етуді де ұмытпауы керек. Құран Кәрімде: «Егер дұға-мінәжаттарың болмаса, Раббым сендерді қалай бағаласын», – деп айтылған («Фұрқан» сүре­сі, 77-аят).
Сондай-ақ Алла Тағала Құранда: «Маған дұға етіңдер, сендерге жауап берейін», – деген. («Мүмин» сүресі, 60-аят) және «(Уа, Мұхаммед!) Егер құлдарым сенен Мен туралы сұраса, Мен оларға жақынмын, Маған жалбарынып, дұға еткеннің дұғасын жауапсыз қалдырмаймын» («Бақара» сүресі, 186-аят), – деген. Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дұға – ғибадаттың мәні», – деген (Тирмизи).

Құран Кәрімде және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде түрлі дертке қарсы оқылатын көптеген дұғалар бар.

Осман ибн Аффан (одан Алла разы болсын): «Мен Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын естідім: «Кімде-кім үш рет «Бисмилләһил-ләзи ләә ядурру мәға исмиһи шәйун фил-арды уә ләә фис-сәмаи, уә һуәс-сә­миғул-ғалим» (Алланың аты­мен жалбарынамын. Оның есімімен жер мен аспанда еш нәрсенің зияны тимейді. Ол – толық естуші әрі білуші) десе, таң атқанға дейін оған пәле жетпейді. Кімде-кім таң уақытында оны үш рет айтса, кешке дейін оған пәле жетпейді», – деген (Әбу Дәуіт, Тирмизи).
Алдын ала келетін дерттен сақтану және бойындағы аурудан сауығу үшін Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) күнде түннің кезінде ұйқыға жатардан бұрын Ықылас, Фалақ және Нас сүрелерін оқып, өзіне дем салған, яғни Құран оқып, алақанына үрлеген, сосын онымен бетін және денесінің қолы жеткен жерін сүрткен (Бұхари).

Құран аяттары мен дұғаларды ауырған уақытта да, сау кезде де оқыса болады. Құранның және дұғалардың әсер етуі үшін оны ықыласпен оқу керек. Дұға да дәрі сияқты. Алла Тағала қаласа, әсер етеді. Аурудан сақтаушы әрі дертке шипа беруші – бір Алла!

ҚМДБ
25 наурыз 2020 ж. 937 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031